ӘБІЛПЕЙІЗ

ӘБІЛПЕЙІЗ(т.ж.б. — 1783) — сұлтан, Әбілмәмбет ханның баласы. Шығыс Қазақстан аймағындағы Найман руына билік жүргізген. Айналасына жергілікті жердегі ықпалды адамдарды жақын ұстаған. Әбілпейіздің ұлы Көгедай сұлтан әкесінің саясатын қолдаған. Әбілпайыздың маңайында батырлар, рубасылар, сұлтандар шоғырланған. Жоңғарларға қарсы сан қилы шайқастарда Қожанбет Есберді батыр , Жәнібек батыр сияқты батырларға арқа сүйеген. Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнатып, қазақ-қытай, қазақ-орыс қатынастарының дамуына зор үлес қосты. Абылай хан саясатын қолдады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *