ӘБІЛМҰХАМБЕТ Әбу Мұхаммед, Әбілғазы ҚҚ

ӘБІЛМҰХАМБЕТ Әбу Мұхаммед, Әбілғазы ҚҚ (18 ғ.) — Иранға тәуелді болған Хиуа ханы (1741—46), Елбарыс ханның ұлы. Мауераннахрды жаулап алған Иран шаһы Нәдір Елбарысты өлтіріп (1740), орнына Бұхар ханы Әбілфайыздың туысы Тагирді билеуші етті. 1741 ж. ирандықтарға қарсы көтерілген хиуалықтар таққа Нұралыны(Әбілқайырдың ұлы) отырғызады. Мұны естіген Нәдір шаһ Мервтегі ұлы Насруллаға Хиуада Иран билігін қалпына келтіруді бұйырды. Нұралыны қолдаған шонжарларенді шаһ билігіне бас июге Мервке барды. Нәдір шаһ көтерілісшілерді кешіріп, олардың өтініші бойынша Ә-ті Хиуаға хан етіп тағайындады. Бірақ іс жүзінде билік өзбектің маңғыт тайпасы көсемдерінің тұқымы Артық инақ пен кейіннен оның інісі Қоразбектің қолында болды. Ә. Артық инақты өлтіріп, дербес билік құрғысы келгенімен көп ұзамай Қоразбектің қолынан қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *