ӘБІКЕНҰЛЫ НҰРБЕК(1942 ж. ҚХР-сы ШУАР-ның Толы ауд.) — ғалым, аудармашы. Қытайдағы Шыңжаң университетін бітірген (1964). 1980-жылға дейін Қытай қоғамдық ғылымдар академия этнология институтының түркі тілдерін зерттеу бөлімінде қызмет істеді. Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикографиясына қатысты зерттеулер жүргізді. Әбікенұлы қытай тілінен қазақ тіліне “Грек-рим аңыздары”, “Балықшылар кегі” романын т.б. кітаптарды аударды.