ӘБУ САИЙД АБД ӘЛ-КӘРІМ АС-САМАНИ

ӘБУ САИЙД АБД ӘЛ-КӘРІМ АС-САМАНИ, Әбу Сайид Абд әл-Кәрім ибн Мұхаммед ибн Мансұр ас-Самани (1113, Мерв — 1167) — тарихшы. Тегі — араб. Білімді отбасынан шыққан. Жастайынан жетім қалып, туыстарының тәрбиесінде өскен. 1135 жылдан бастап Орта және Алдыңғы Азияның бірқатар қалаларын аралаған. Нишапурде, Исфаханда, кейін Бағдадта (1136 — 43/44) тұрған. Білімін толықтыру мақсатында Хамадан, Сирияның бірқатар қалалары мен Иерусалимде болды, Рей, Тус, Месопотамия мен Хиджазды кезді. 1143 ж. Мервке оралып, әл-Ахмадия медресесінде дәріс берді. Дәстүрлі ғылым саласында “Мерв тарихы” (20 томнан астам); геогр. сөздік, “Китаб әл-ансаб” (“Генеалогиялық есімдер кітабы”) т.б. еңбектер жазды. Солардың ішінде соңғы аталған еңбегі Орта Азия, Хорасан жөнінде тарихи, өмірбаяндық, геогр. мәліметтерге толы. Онда тегі, руы, шыққан жері, мамандығы т.б. бойынша жүйеленген атақты адамдардың есімдері әліпби тәртібімен берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *