ӘБУ ОСМАН ӘМІР ӘЛ-ЖАҺИЗ, Әбу Осман Әмір ибн Бахр әл-Жаһиз (шамамен 767, Басра — 868 — 69, сонда) — әдебиетші, тарихшы.Аббас әулеті тұсында сарай қызметкері болған. Ол әдебиет пен тілге қатысты (“Орналасу және дәлелдеу кітабы” т.б.), мұсылман елдері жөнінде саяси-тарихи 100-ден астам (“Арабтар мен парсылар туралы кітап” т.б.) еңбек жазған. Солардың ішінде “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) аталатын еңбегі Қазақстан тарихыүшін маңызды дерек болып табылады. Шығармада қазақ жерін мекендеген түркі тайпалары туралы этнолог. мәліметтер беріліп, Аббас әулеті халифтарының әскерқұрамындағы түркілердің жауынгерлік ерліктері баяндалады.