ӘБУ НАСР ӘЛ-КУБАУИ Әбу Наср Ахмед ибн Мұхаммед ибн Наср әл-Кубауи ( шамамен 11 — 12 ғ.) — тарихшы, аудармашы. Орта Азиядағы Куба қ-нан шыққан. Әбу Наср әл-Кубауи 1128 — 29 ж. ӘбубӘкр Мұхаммед ән-Наршаһидың “Тарих-и Бұхара” (“Бұхара тарихы”) аталатын еңбегін араб тілінен парсы тіліне аударып, қосымшалармен толықтырған. Еңбекте Қазақстанның Сырдария өңіріне қатысты маңызды мағлұматтар бар.