ӘБУ МАДИАН Бу Медиен, Әбу Мадиан Шуъайб ибн әл-Хусайн әл-Әнсари

ӘБУ МАДИАН Бу Медиен, Әбу Мадиан Шуъайб ибн әл-Хусайн әл-Әнсари (1126, Севильяқаласы — 1197, Тлеемен қаласы Үббад) — Солтүстік Африка жерінен шыққан белгілі сопы. Ол андалузиялық араб отбасында дүниеге келген. Фес қаласында мағрибтық ұлы ғұлама-шайхтар ад-Даккака (12 ғ. ортасында дүниеден өтті), Әли ибн Хирзихима (1195 ж.ө.), Әбу Иаъазза әл-Хазмири (1177 ж.ө.) қолында оқып, сопылық жолға түскен. Сопылық дәстүр тәлімін ад-Даккакадан алғанымен, оған Әбу Иаъаззаның әсері үлкен болды. Құқықтық мәселелер бойынша Әбу Мадиан мәлікшілдер ағымын қолдады. Қажылықтан оралған соң Бужиге орналасып, осы жерде өзінің діндарлығы мен тақуалығын елге танытты.

Әбу Мадианның өмірі мен қызметі батыстағы мұсылмандық жүйеге сопылық дәстүрдің кең таралу тұсына тура келді. Жергілікті бербер тайпалары сопыларды қастерлеп, әулиегеайналдырды. Әбу Мадианның шешендігі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері көпшілікке ұнады. Ол өз жанынан өлең-жырлар да жазған. Оның халық арасында ауызекі түрде сақталған мұрасын 19 ғ-да француз шығыстанушылары жазып алған. Андалузия мен Марокконыңортағасырлық авторлары Әбу Мадианды шынайы сопы етіп көрсетеді. Белгілі сопылар ибн Машиш, ибн Араби, аш-Шаштари, аш-Шазили т.б. өздерін Әбу Мадианның шәкірттері санайды. Әбу Мадиан жерленген Уббадта үлкен мазар ескерткіш салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *