ӘБУ-Л-ҚАСЫМ Абул Қасым, Әбу-л-Қасым Халаф ибн Аббас Аззахрауи; лат. Абулгазиз(936, Испания, Кордова маңында — 1013) — орта ғасырдағы мұсылман әлемінің ұлы оташысы (хирургі), Жаңа өрлеу дәуіріне дейінгі Еуропа оташылық әдісінің негізін қалаушы. Испания халифы Абд-әр-Рахман ІІІ ән-Назирдің сарайында дәрігер болып істеді. Осы кезде ол Орта Шығыс, Грекия және Римнің классикалық медицина жетістіктерін терең зерттеп, 30 бөлімнен тұратын жаңа ғылыми деңгейде жазылған “ат-Ташриф лиман ,айаз, ап ат-Та, алиф” (Әдіснама) атты іргелі еңбегін аяқтады. Онда көптеген жаңа мед. байқаулар жинақталған, оның ішінде бұрыннан белгілі гемофилия (қан тоқтамаушылық) сипаттамасына түзетулер енгізген. кітаптың 200-ге тарта оташылық құралдардың суреттерімен жабдықталған соңғы бөлімі оташылық тақырыбына арналған бірегей зерттеу болып табылады. Араб халифатының дәрігерлері мойындамағанымен, “ ат-Ташриф” христиандық Еуропа ғылымына зор ықпал етті. 12 ғ-да латын тіліне аударылған бұл еңбек 500 жыл Батыс Еуропада бірден-бір оташылық оқулығы ретінде пайдаланылды.