ӘБУ-Л-ХАСАН НҰР ӘД-ДИН ӘЛИ ИБН САИД Әбу-л-Хасан Нұр әд-Дин Әли әл-Ғарнати әл-Мағриби ибн Саи

ӘБУ-Л-ХАСАН НҰР ӘД-ДИН ӘЛИ ИБН САИД Әбу-л-Хасан Нұр әд-Дин Әли әл-Ғарнати әл-Мағриби ибн Саид (1217, Гренад — 1274, Тунис) — испан-араб тарихшысы, географ. Севильде білім алған. Мысыр, Сирия, Месопотамия, Меккені аралаған. “Жеті ықлым туралы географиялық кітап” аталатын шығармасы басқа авторлардың еңбектеріндегі деректерге сүйеніп жазылған. Онда Балтық т. жағалауларындағы батыс славяндар, Азау т. мен Дондағы орыстар, Кавказдағы касогтар, абхаздар мен аландар, Еділ бойындағы буртастар туралы мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ қыпшақтар, қимақтар, оғыздар, түрікмендер жөнінде, Оңт. Қазақстанға қатысты тарихи-географиялық деректер кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *