ӘБУ-Л-ФАРАДЖ, Әбу-л-Фарадж Григориус ибн әл-Ибри әл-Малати, Бар Хебрайа, Бар Эбрей, Barhebraeus (1226 – 1286) – араб тарихшысы, географ. Сирия тілінде жазылған шығармаларында наймандар мен керейіттер, Шығыстан Батысқа шапқыншылық жасаған т.б. көшпелі тайпалар туралы, қазақ даласындағы тайпалардың этносына қатысты деректер берілген, салжұқ сұлтаны Тоғрұл бектің ордасы, оғыздар сарайының салтанаты, түркілер биі сипатталады. Әбу-Л-Фарадж жасаған жартылай шар тәрізді әлем картасында Қара теңіздің солтүстік жағалауы мен Каспий теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген түркі тайпаларының орналасуы, Қыпшақ даласы, Фараб қ. көрсетілген.