ӘБУ ИСХАҚ ӘЛ-ИСТАХРИ

ӘБУ ИСХАҚ ӘЛ-ИСТАХРИ, Әбу Исхақ ибн Мұхаммед әл-Фариси әл-Истахри (шамамен 850, Иран — 934) — географ.930 — 933 ж. Әбу Зеид әл-Балхидің 920 ж. жазылған географиялық шығармасын қайта өңдеген. Иран, Арабия, Сирия, Мысыр т.б. шығыс елдеріне жасаған саяхаттары негізінде көптеген шығармалар жазған. Еңбектерінің белгілісі — “Сууар әл-ақалим” (“Аймақтардың шет жақтары”) атты түсініктеме жазулары бар карталар мен атластар жинағы. Бұл еңбек Әбу Исхақ Әл-Истахридің араб классикалық географиясының үлгісін және оның дамуындағы статистикалық география сипаттаудан баяндау бағытына ауысқан кезеңін білдіретін “Китаб масалик әл-мамалик” (“Мемлекеттерге барар жол кітабы”) шығармасының бір бөлігі болып табылады. Кітапта Орта Азия мен Қазақстан қалаларының аттары аталып, олардың орналасқан жері, топографиясы, жол қатынасы туралы нақты деректер келтіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *