ӘБУ ДУЛАФ, Әбу Дулаф Ианбу и әл-Хазражи 

ӘБУ ДУЛАФ, Әбу Дулаф Ианбу и әл-Хазражи (10 ғ.) – ақын, саяхатшы. Мисъар ибн әл-Мұхалхил деген есіммен де мәлім. Қызыл теңіз жағалауындағы портты қалада дүниеге келген. Бұхарадағы Самани әулетінің билеушісі Наср ІІ ибн Ахмед (914 — 42) тұсында сарай қызметкері болған. Шамамен 942 ж. Бұхараға келген қытай елшілігімен бірге Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Тибетті аралап, Қытай арқылы Үндістанға өтіп, ол жерден Систан (Ауғанстанның солт.-шығысы) арқылы мұсылман елдеріне сапар шеккен. Әбу Дулаф өзінің бұл сапары жөнінде екі бірдей “Рисаласында(“Жазба”) баяндайды. Соңғы зерттеулерге қарағанда “Жазбаның” алғашқы кітабы күнделік емес, автордың кейіннен жазған еңбегі болып табылады. Мұнда автордың өзі куә болған оқиғалар ғана емес, естіген мәліметтері де енгізілген. Шығарма оғыз, қимақ, қарлұқ, тоғыз оғыз, қырғыздар жөнінде, олардың терр., қазба байлықтары, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, діні туралы маңызды деректерді қамтиды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *