ӘБУ ДЖАФАР МҰХАММЕД АТ ТАБАРИ

ӘБУ ДЖАФАР МҰХАММЕД АТ ТАБАРИ (839, Табаристан өлкесінде, Амул қаласыңда — 923, Бағдат) — тарихшы. Бірқатар уақыттар бойына Рей, Бағдат, Басра, Куфа қалаларында, кейін Сирияда, Мысырда болған. Өмірінің соңғы жылдарында Бағдатта тұрып, заң, аңыз-әпсана салаларында дәріс оқыған. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табари ғалым, тарихтанушы ретінде түрлі пәндерге байланысты 10-нан астам еңбек қалдырған. «Тарих ар-русул уә-л-мулук» атты көп томдық еңбегінде әлемнің жаратылуынан басталған жалпы тарих және сол кезде мәдени өркениетімен арабтарға белгілі болған халықтар туралы, Рим, Византияимператорлары, Иран тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Исламның пайда болуынан бастап әрі қарайғы тарихи оқиғалар мұсылманша (һижра) жыл санау ретімен берілген. Араб халифатына қатысты 915 жылға дейін мәліметтер мол қамтылған. Сонымен қатар Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дінінің енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, халық көтерілістеріне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табари Орта Азиядағы оқиғаларды баяндау барысында әл-Мадаинидің (753 — 849) еңбектерін (бізге жетпеген) негізге алған. Әбу Джафар Мұхаммед әт-Табаридің бұл еңбегі 1879 — 1901 жылдары голландиялық ғалым Де Гуе жетекшілігімен жарық көрді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *