ӘБУ АБДАЛЛАҺ МҰХАММЕД ИБН ИСХАҚ

ӘБУ АБДАЛЛАҺ МҰХАММЕД ИБН ИСХАҚ  (704, Медина— 767/68, Бағдат) — араб тарихшысы. 733 ж. Египетке қоныс аударып, кейін 749 жылдан бастап Иракта тұрған. “Китаб сират расул Аллаһ” (“Алланың жіберген адамының өмірі туралы кітап”) аталатын еңбегіннің бізге Египет әдебиетшісі ибн Хишамның (833/34 ж.ө.) өңдеген нұсқасы жетті. Бұл еңбекте көне ислам дінінің тарихы жөнінденақтылы деректермен қатар аңыз-әпсапалар да кездеседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *