ӘБУҒАЛИСИНА

ӘБУҒАЛИСИНА — шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастан. Бас кейіпкері — аш-Шейх әр-Раис Әбд әл-Хұсайын ибн Абдоллах ибн Сина (980-1037). Дастан кейіпкері тарихи ғұмарнамадағы хакім, елші, ғалым, әулие, елбасытұлғасынан ауытқып, ислам дінінен терең білім алған, перілер мен жындарды айтқанына көндіріп ғажайып сырлы оқиғаларға тап келе беретін рақымды оқымысты бейнесінде суреттеледі. Көшпелі халықтың дәстүрлі эпикалық жырларында жиі кездесетін батырлық, қаһармандық сарындар мұнда жоқ. Алайда ислам шариғатыныңқұндылықтарына түбегейлі бет бұрған мұсылман елдерінің әдет-ғұрып, дәстүр-салт, мінез-болмыстары жеткілікті баяндалған.  

 “Әбуғалисина” дастанының ондаған нұсқалары ҚР ҒМ ҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Олардың қайсыбірі кітап күйінде сақталып жетсе, біразы ел ішіндегі ақындар мен жыршылар, жинаушылар әр уақытта хатқа түсірген қолжазбалар.Кітап қалпындағы нұсқалар:“Әбуғалисина қиссасы” (1881 ж. Қазанда басылған. Татар тілінде. Шығарушы Қ. Насыри. Көлемі — 116 бет),“Әбуғалисина” (1886 ж. Қазанда қазақ тілінде Ж. Елшібайұлы бастырған, көлемі 56 бет),“Қисса-и Абулхарис” (1893 ж. Қазанда Қ. Шаһмарданұлы бастырған, көлемі 16 бет),“Қисса-и Халвафауруш” (1898 ж. Қазанда “Сұлу жігіт туралы” деген атпен басылған),“Ганжғина-и хикмет Әбуғалисина” (1901, 1903 ж. Қазанда С. Шарафуддинұлы қара сөзбен бастырып шығарған көлемі 115 бет).Сол сияқты “Әбуғалисина” дастанының төмендегідей қолжазба нұсқалары бар:“Ганжғина — и хикмет Әбуғалисина” (1940 ж. Х. Байысов тапсырған. Араб әрпінде, көлемі 56 бет);“Әбуғалисина — Әбілхарис әңгімесі” (А. Әмірұлы 1936 ж. араб әрпімен жазып тапсырған);“Әбуғалисина” (Ж. және А. Шорманұлдарынан алып 1958 ж. Ғ. Мұсабаев тапсырған, көлемі 68 бет);“Әбуғалисина, Әбілхарис” (І. Баймағанбетов нұсқасы).Осы аталған дастан нұсқалары ішіндегі таза қазақ тілінде жырланған ең көркем де көлемдісі — қызылордалық жыршы І. Баймағанбетов (1895-1973) жырлаған “Әбуғалисина, Әбілхарис” дастаны көп томдық “Қазақ халық әдебиеті” топтамасының “Дастандар” кітабының 2-томында жарияланған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *