ӘБУСЕЙІТОВА  МАЙРА БЕКЖҰМАНҚЫЗЫ

ӘБУСЕЙІТОВА  МАЙРА БЕКЖҰМАНҚЫЗЫ (1.5.1925 жыл, қазіргі Астана — 10.10.1996 жыл Алматы) — кинорежиссер, қазақ кино аударма өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975).Алматы киноактерлер мектебін бітірген (1947).Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының кионаударма бөлімінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Әбусейітова дубляж жасаған фильмдер ішінде“Отелло”, “Сияуш туралы аңыз”, “Қызыл бүрген”, “Қылмыс пен жаза”, “Нағыз адам туралы аңыз” т.б. бар. “Қазақфильм” тарихында ол 500-ден астам фильмді қазақша сөйлетіп, көрермен назарына ұсынуға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *