ӘБСЕЛЕМОВ Файзолла Әбселемұлы (23.11.1911, Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. – 17.7.1993, Алматы) – кинооператор, Қазақстанның еңб.сің. өнер қайраткері (1969). Бүкілодақтық мемл. Кино ин-тын (Мәскеу) бітірген (1941). 1971 жылға дейін «Қазақфильм» студиясында жұмыс істеген. Ол «Антоша Рыбкин» (1942), «Абай әндері» (1945) фильмдерін түсіруге қатысқан. «Тың наны» (1958), «Олардың заманы келді» (1961), «Арман аралы» (1970), т.б. 8 толықметражды көркем фильм, 600-ден астам «Советтік Қазақстан» атты деректі киножурнал түсірген.