ӘБДІҚАДЫР МЕДРЕСЕСІ - 19 ғ-дан сақталған сәулет өнері ескерткіші.Медресе Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғасырдың 30 жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жылдары жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Медресе күйдірілген кірпіштен қаланған.