ӘБДІРАХМАНОВ ЖАҢАЛЫҚ НИЯЗҰЛЫ

ӘБДІРАХМАНОВ ЖАҢАЛЫҚ НИЯЗҰЛЫ (7.11.1935 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылы — 22.03.2004 жыл, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1994).Алматы медицина институтын бітірген (1959).Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы аурухана меңгерушісі (1959 — 61)Қазақстан өлкелік патология институтының (қазіргі Эпидемиология, микробиология ғылыми-зерттеу орталығы) аспиранты (1961 — 64),Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері (1964 —75), Алматы медицина институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1975 — 90) болды.1990 жылдан Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Әбдірахмановтың негізгі зерттеу жұмыстары обыр ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне, радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілер пайдалануға, организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған. Әбдірахманов өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. 

ӘБДІРАХМАНОВ ҚАЙД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *