ӘБДІЛ МӘЛІК БАБ ТӨБЕСІ

ӘБДІЛ МӘЛІК БАБ ТӨБЕСІ– орта ғасырлардан сақталған көне бекініс-қала орны.Оңт.Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,  Ташнақ қыстағының жанында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1947 жылы А. Бернштам (ОІАЭ), 1950 жылы Е. И. Агеева мен П. И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі кездегі көрінісі тік төртбұрышты төбе, солтүстік пен оңтүстік жағы 220 м, ал батыс пен шығыс жағы 180 м, биіктігі 0,5 — 1 м, орталық қорғанның да жобасы тік төртбұрышты, көлемі 40х60 м, биіктігі 3 м. Топырақ дуалмен қоршалған. Қала орнында қазба жұмысы жүргізілмеген, кейбір құрылыс қалдықтары сақталған. Үстінен теріп алынған көзелердің жасалу тәсілдеріне және түрлеріне қарап ғалымдар қала 13 — 15 ғасырларда болған деп есептейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *