ӘБДІЛДИН ЖАБАЙХАН МҮБӘРӘКҮЛЫ (16.2.1933 ж.т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1992). ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1994). Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. Майтүбек ауылының Құрметті азаматы. 1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген. 1954-1955 жж. – Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасы. 1958 жылы — М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың философия факультетінің аспирантурасы. «Нақты ғылымның гносеологиялық рөлі» атты тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған. 1968 жылы ҒА КСРО философия институтында «Теоретикалық таным проблемаларының бастауы» атты тақырыбында философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған.
Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларларжарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектаның логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Ә.белгілі қоғам және мемл. Қайраткері. Ол 1987-89 ж. Ш.Құдайбердіұлы,А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылмым мен тех.саласындағы Лениндік және КСРО Мемл.сыйлықтары жөніндегі к-ттің мүшесі болды. 1986-91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы қазақ бөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981-90 ж. КСРО филос.қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақ филос.қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы, Ә.Қазақстан Мемл.сыйл.(1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйл.(1994), Ш.Уәлиханов атынд. Сыйл. (1974) лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен мараппаталған.