БУ-Л-ХАЙР ФАЗЛАЛЛАҺ ИБН РУЗБЕХАН, Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбехан әл-Хунджи әл-Исфаһани әл-Амини

ӘБУ-Л-ХАЙР ФАЗЛАЛЛАҺ ИБН РУЗБЕХАН, Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбехан әл-Хунджи әл-Исфаһани әл-Амини (шамамен 1457/1458, Иран, Хунджа қаласыңда — 1521/1524) — тарихшы, әдебиетші. Әкесі Жамал әд-Дин Рузбехан ғұлама ғалым болған. Балалықшағы Шираз бен Исфаханда өткен. Хиджаз бен Мысырда білім алған. Әзербайжандағы Сұлтан Якуб Аққойлы сарайында (1478 —1990), кейін Темір әулетінің өкілі Сұлтан Хұсайын мырзаның қол астында (1496 — 1506) қызмет еткен. 1504жылы Кашанға Исмаил Сефеви әскері басып кіргенде, ол Иранды тастап, Мауераннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына келеді. Әбу-Л-Хайр Фазлаллаһ Ибн Рузбехан “Михман наме-йи-Бұхара” (“Бұхара мейманының жазбасы”) аталатын еңбегімен танымал. Шығарма Мұхаммед Шайбани ханның 1508/1509 жылы қазақтарға қарсы жорығына арналған. Мұнда 15 — 16 ғасырлардағы қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, этникалық құрамы, Сырдария бойындағы қалалар, Орта Азия мен Қазақстанның экономикалық байланысы, Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілерінің саяси қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *