АЯҚҚАМЫР

АЯҚҚАМЫР – орта ғасырлардан сақталған көне қала.Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Жезді өзенінің сол жағасында, Қарабұлақ жылғасының осы өзенге құйылысында орналасқан. Алғаш Ә.Х. Марғұлан, С.ж.Жолдасбаев зерттеді. Шаршы пішіндес (60 х 60 м), биіктігі 1 м аласа төбе түрінде сақталған. 3 жағы ормен, оңтүстік-шығыс 4 жағына ұзын топырақ жалдармен, тас қабырғамен бекемделген, мұнаралары бұрыштарынан шығарылған. Типол.жағынан А.цитадельсіз қалаға жатады. Қазылған оңт. Бөлігінен қабырғалары бір-бірімен тұтасып жатқан 8 бөлменің орны ашылды. Баспаналардың ең үлкенінің ауд. 27,5 м2, қабырғаларының қалыңдығы және әрқайсысында бір-бірден шығарылған есіктердің кеңдігі 0,8 м-ге дейін, едендер тегістеліп балшықпен сыланған, шаруашылық шұңқырлар мен дөңгелек диаметрі 0,5 м-ге тереңдігі еден деңгейінен 0,2 -0,4 м-ге дейін жететін ошақтары бар. Сүйек, тас, ағаш, металдан істелген көптеген бұйымдар, 450-ден астам қыш бөлшектері табылды. А.қышы оғыз-бесене тайпаларының ескерткіштеріне жатады. Қала 8-11 ғ-ларда өмір сүрген.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *