АЯҚСЫЗ КЕСІРТКЕЛЕР

АЯҚСЫЗ КЕСІРТКЕЛЕР (лат. Anniellidae) – қабыршақтылар отряды, кесірткелер отряд тармағының тұқымдасы.Кейде оны «ұршықсаптар» деп те атайды. А.к-дің 10 шақты туысының 80-ге жуық түрі Америкада, Еуразияда, Солт. Африкада, Оңт.Азияда, Индонезия аралдарында таралған. Оңт.Қазақстанда сарғыш яқсыз кесіртке мекендейді. Дене пішіні жыланға ұқсас. Денесінің ұз 25-115 см, ұсақ қабыршақпен қапталған, оның астында тұтас сүйекті тақташалар қаптап жатады. Төбе тесігі айқын байқалады. Тілі қысқа, әрі ұшы екі айыр. Қозғалмалы қабағы жақсы жетілген. Көпшілігі құрлықта ін қазып тіршілік етеді. Құрттармен, ұлумен, ұсақ буынаяқтылармен қоректенеді. Кей түрі жұмыртқа салып, кей түрі тірідей туып көбейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *