АЯТ

АЯТ (араб.белгі, кейде өлең деп те аударылады) - Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран 114 сүреден (тараудан) тұрады. Ол сүрелер (Фатихадан өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Аятты сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлшегі, яғни сөз тіркестері деп те айтуға болады. Құранның көп бөлігі ұйқасқан қара сөздер арқылы жазылған, яғни бірнеше аяттың соңы бірыңғай буында құралып отырады. Ең ұзақ сүреде 286 аят бар. Аяттарда бір сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құранда барлығы 6204-тен 6236-ге дейін (әр түрлі есептер бойынша) Аятта, 77934 сөз бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *