АЯГӨЗ

АЯГӨЗ — Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауданының әкімшілік орталығы. Обл орт. Өскеменнен қ-ның оңт.- батысында, Нарын өз-нің Аягөз өз-не құятын тұсында орналасқан. Іргесі 1831 ж. қаланған. 1847 ж. Ресей патшасы Александр ІІ-нің ұлы Сергей князьдің құрметіне Сергиополь болып аталды. Аягөз сыртқы округінің, кейіннен Аягөз уезінің, Аягөз ауданының орталығына айналды. 1929-30 ж. Түркістан-Сібір т.ж-ның салынуына байланысты А.іріт.жст-сы болды. 1939 ж. қала мәртебесі берілді. Тұрғыны 35,3 мың адам(1997). А-де автомоб.жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын шығаратын з-ттар, ет комбинаттары, май з-ты, ірі тепловоз және вагон деполары, баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар. 1942 ж .Мәскеуден көшіріліп әкелінген жіп иіру ф-касы негізінде үлкен жіп иіру кәсіпорны жұмыс істейді. Қалада орта мектептер, мәдениет үйі, кинотеатр, қонақүйі, ауруханалар, перзентхана, дәріханалар бар. А.арқылы Алматы- Семей-Өскемен автомоб. Жолы өтеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *