АЮШАТ ҮҢГІРІ – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Қызылтау тауындағы табиғи үңгір. Теңіз деңгейінен 1091 м биіктікте орналасқан. Порфирит жыныстарының үгілуінен пайда болған. Үңгірдің ұзындығы 25 м, ені 2,5 м, биіктігі 3 м. Күндіз іші жарық болады.