АЮКЕ, Аюхай 

АЮКЕАюхай (1646 – 1724) – Еділ қалмақтарының ханы, Моншақтың ұлы.1669 ж. таққа отырған.1670 жылы қазақ жерiне басып кiрген.1673 жылы ақпанда Ресей патшасының қол астына кiргендiгi жөнiнде ант бередi.Аюкенiң атты әскерi Қырым соғысында орыстар жағында болады.1681 жылы орыс әкiмшiлiгi оған дуанбасы атағын бередi.1682-1683 жылдары Аюкенiң әскерi Ресей үстемдiгiне қарсы көтерiлген башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады.Орыс әскерлерiне арқа сүйеп,түрiк сұлтандарына,Солтүстiк Кавказға,Қазақ,Түрiкмен хандықтарына қарсы жорықтар жасайды.1696 жылы орыс әскерiмен бiрге Азау(Азов) қамалын алады.Сенiмдi қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен.Аюке таққа мұрагерi етiп ұлдарының кенжесi Серен Дондукты қалдырған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *