АЭТАЛАР

АЭТАЛАР , атталар, инагталар т.б. — Филиппин аралдарының байырғы халқы. Жалпы саны — 45 мың. Малайя-Полинезия тектес тілдердің әр түрлі диалектісінде сөйлейді. Діни сенімі — алғашқы қауымдық мәәлусилікАвстралоид расасының меланезия нәсіліне жатады. Бойлары тәпелтек (140 — 150 см). Негізінен аңшылықпен, жеміс-жидек терумен айналысады, кейінірек егіншілік дами бастады. А. бамбуктен жасалған итарқа қостарда тұрады. 16 ғ-да испандар, 19 ғ-да америкалықтар оларды тау мен орман арасына ығыстырып, көбін қырып жіберген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *