АЭРОФОТОТҮСІРІМ

АЭРОФОТОТҮСІРІМ - ұшақтан немесе басқа ұшатын аппараттан алынған жергілікті жердің суретке түсірілген бейнесі.А.арнаулы аэрофотоаппарат арқылы орындалады және ұшудың сипатына байланысты жеке, маршруттық, сондай-ақ аудандық болып бөлінеді. Жеке А. стереоскопиялық бейнелеудің қажеттігі керек болмайтын жеке немесе топтасқан объектілерді суретке түсіргенде қолданылады. Маршруттық А-де жер беті бір бағыттың (маршруттың) бойымен суретке түсіріледі. Онда аэрофотосуреттің мөлшеріне, масштабына, маршруттың ұзындығына байланысты түсірілетін жолақтың ені алдын ала есептелінеді. Маршруттық А. жолдары, өзендерді, қорғаныс шекараларын барлау, т.б. мақсаттарда орындалады. Аудандық А. – нақты ауданның аумағы бойынша бір-бірімен қзара қабысқан бірнеше қатар параллель маршруттар бойымен жүргізіледі. Маршруттардың арақашықтығы мен жалпы саны түсірілетін ауданның мөлшері мен аэросурет масштабына байланысты беогіленеді. Аэросурет түріне байланысты А.жазықтық және перспективтік болып бөлінеді. А. топографиялық карталар құрастырылғанда, орман және жер қорларын зерттеу мен есепке алуда, инж. құрылыстарды жобалауда, геол. барлау жұмыстарын жүргізуде, т.б. қолданылады. Әскери істе А.жау орналасқан жерді, оның соғыс техникасы мен инженерлік құрылыстарын барлау мақсаты үшін жүргізіледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *