АЭРОСТАТ

АЭРОСТАТ (грек. Aer – ауа және statos— тік тұрған, қозғалмайтын)- ауадан жеңіл ұшу аппараты. Аспанға көтерілу үшін А-тың шар тәріздес бөлігі ауадан жеңіл газбен (сутек, гелий, жарқырауық газ) толтырылады. А-тың басқарылатын (дирижабль, қозғалтқыш және ауа винтімен жабдықталған А.) және басқарылмайтын (сыртқы қашауы шар тәріздес, желмен еркін ұшатын және байлаулы А.) түрлері бар. Еркін ұшатын А., көбінесе, спорттық мақсатта және зерттеу жұмыстарында пайдаланылады. Байлауды А.әуе шабуылынан қорғану жүйесінде, әскери барлауда және артиллериямен атқылауды дәлдестіруде, сондай-ақ метеорол. мақсаттар үшін қолданылады. Стратосфера қабатына ұшатын А-ты стратостат деп атайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *