АЭРОЛОГИЯ — атмосферадағы физикалық құбылыстарды және оларды зерттеу әдістерін қарастыратын бөлімі; метеорологияның бір бөлімі. Ол құбылыстар сипаты туралы ақпаратты өздігінен жазып алып, жерге радио арқылы жіберетін арнайы автоматты аспаптарды ұшыруға (өздігінен, ұшақпен, зымыранмен, кейде метеорологиялық жер серігімен) негізделген.