АЭРАТТАУ 

АЭРАТТАУ (грек. aйr. — ауа), ауаландыру —1)түрлі ортаны (мыс., су қоймаларын, топырақты т.б.) атмосфералық ауамен табиғи (мыс., организмдердің тіршілігі арқасында) немесе жасанды жолмен қанықтыру. А. тех. әдістермен немесе ауаның суға, топыраққа сіңуіне кедергі болатын (мыс., мұз, майлы қабықша сияқты) тосқауылдарды бұзу т.б. тәсілдермен жүргізіледі. А. ауыз суды, ақаба суын тазарту, топырақ өнімділігін арттыру, суды мекендеушілердің, әсіресе, балықтардың судағы оттегінің азаюы себебінен жаппай қырылуын болдырмау т.б. үшін қолданылады. 2) Өндірістік ғимараттарда табиғи ауаны қолдан реттеп алмастыру. Ол сыртқы және ішкі ауа тығыздықтарының айырмашылығы есебінен ғимараттардың қабырғаларындағы ойықтар (терезелер) және желдететін фонарлар арқылы жүргізіледі. Негізінен ыстық өндіріс орындарында (мыс., темір соғылатын, құйылатын цехтар) қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *