АЩЫӨЗЕК

АЩЫӨЗЕК – Еділ мен Жайық аралығындағы өзен. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары жерінде. Ұзындығы 258 км, су жиналатын алабының аумағы 7150 км2. Жәнібек ауданындағы Байдуков ауылының оңтүстік-шығысына қарай 3,5 км жерден басталып, Казталов ауданындағы Аралсор ауылының маңындағы Жалпақсор көліне құяды. 7 саласы бар. Алабында жалпы су көлемі 0,67 млн/м3 болатын шағын тоғандар салынған. Басты салалары ШерімбетсайБерішарал. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. Аңғары айқын емес, жайпақ беткейлі. Өзен қайраңдармен кезектесіп отыратын иірім (қарасу) тізбегінен тұрады. Қар суымен толығады. Қараша – сәуір айлары аралығында қатып жатады. Суы жайылмадағы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *