АЩЫҚҰДЫҚ – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы, Тоғыз темір жол стансасының солтүстік-шығысында 39 км жерде орналасқан көл. Ұзындығы 8 км, ені 2 км-ден астам, аумағы 15 км2. Жауын-шашынға байланысты аумағы өзгеріп отырады. Жағасы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді.