АЩЫСУ

АЩЫСУ - Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма, Аягөз, Абай ауданы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алабы 18100 км2. Жақсы Қойтас, Жаман Қойтас, Сарытау баурайындағы бұлақтардан алып, Шаған өзеніне құяды. Өзен жағасы жарлауытты (биіктігі 2 м-ге жетеді) келген. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,34 м3/с (Үшбиік темір жол стансасы тұсында). Суы мал суаруға пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *