АЩЫСАЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КОМБИНАТЫ 

АЩЫСАЙ ПОЛИМЕТАЛЛ КОМБИНАТЫ – Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорындарының бірі. Оңтүстік Қазақстандағы ертедегі Тұрлан (қазіргі Ащысай) қорғасын-мырыш кені негізінде құрылған. Бұл кен орны 16 ғасырдан белгілі болғанымен, тек 19 ғасырдың 60-жылдарынан бастап пайдаланыла бастады.1917 жылғы төңкеріске дейінгі 50 жыл ішінде мұнда небәрі 500 т қорғасын өндірілген. Кенді игеру төңкерістен кейін өрістей түсті.1935 ж. Ащысай кеніші салынып, пайдалануға берілді.1941 ж. Мырғалымсай кен орны игеріліп, Ұлы Отан соғысы жылдары Одақ бойынша өндірілген қорғасынның жартысынан астамын берді.1953 жылдан бастап Мырғалымсайда барит өндіру қолға алынып,1964 жылдан барит қоспасы шығарылады. Комбинат негізінде Западная (1958), Скоповая(1963) шахталары, кейінірек Кентау кен байыту фабрикасы, Мырыш зауыты іске қосылды. Ащысай полиметалл комбинатының кеншілері көлденең кен қазбасынан шапшаң кен өндіру бойынша дүниежүзілік рекорд жасаған (1984 – 65). Ащысай полиметалл комбинаты құрамында 4 кеніш, 3 байыту фабрикасы, металлургия т.б. көмекші цехтар бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *