АЩЫМИІР – Қарағанды обл-ның Ұлытау ауд-ндағы өзен. Ұз 118 км, су жинау алабының ауд. 2100 км2. Ұлытаудың солт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Ақшалы ауылының маңында құмға сіңіп кетеді. Қарашаның басында қатып, сәуір айының басында мұзы ериді. Суы ащы, ішуге келмейді. Мал суаруға пайдаланылады.