АЩЫКӨЛ 

АЩЫКӨЛ – Жамбыл облысы Талас, Сарысу аудандарының аумағында, Ақкөл 

ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан көл. Ұзындығы 10 км, ені 8 км, жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты аумағы 31-67 км2 аралығында өзгереді. Тереңдігі 5 м-ге жуық. Көлдің солтүстік жағалауы тік жарқабақты (биікт. 6 – 8 м), шығысы жазық, құмдауытты, оңтүстігі сазды, жағалауында қамыс, қоға өседі. Көлге оңтүстік-батыстан Көктал, шығысынан Аса өзенінің бір тармағы құяды. Желтоқсанның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Көлде қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *