АШЫҚ ПАША 

АШЫҚ ПАША (шын аты — Әли) (1272-1333) — түрік ақыны, шейх. Анадолыға Хорасаннан келген шейхтар әулетінің ұрпағы. Әкесі Конйада 6 ай патшалық құрған соң тақты өз еркімен Қараманоғулларына берді делініп жүрген Мұхлис паша. Өлеңдерін “Ашық” лақап атымен жариялаған. Жүніс Әміре мәнерінде таза түрік тілімен илаһилер (Алла мен пайғамбарларымызды мадақтайтын діни өлеңдер) шығарған. Ақындығынан гөрі шейх ретінде көбірек белгілі болған. Кесенесі Конйада. Өлеңдерін аруз өлшемімен де, буын өлшемімен де, әрі бәйіт, әрі төрт жолдан тұратын шумақ түрінде де жазған. Ең атақты шағармасы — 12000 бәйіттен құралған моральдік, сопылық және дидактик. мазмұндағы “Ғарипнама” атты мәснәуи.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *