АШЫҚ КЕН ӨНДІРУ

АШЫҚ КЕН ӨНДІРУ – жер қойнауындағы қатты пайдалы жыныстарды жер бетіндегі ашық тау-кен қазбалары арқылы алу тәсілі. А.к.ө. тәсілі жер бетіне жақын жатқан кен байлықтарды өндіру үшін ертеден қолданылған.  6 – 11 ғ-ларда Қазақстанның Саяқ, Жазқазған өңірлерінде мыс кентасы осы әдіспен қазып шығарылған. Кейін кеннің жату тереңдігіне байланысты оны өндіру ұзақ уақыт жер асты әдісімен жүргізіліп келді. Тек 19 ғ-дың аяғында қуатты тау-кен техникасын пайдалануға байланысты А.к.ө. жұмыстары қайтадан дамыды. Қазіргі уақытта пайдалы қазыналардың жалпы көлемінің 70%-і ашық әдіспен өндіріледі. Қазақстанда оның үлесі мыс кентасын өндіруде 60%-ке, темір кентасын өндіруде 97%-ке, көмір өндіруде 75-ке дейін жетеді. Қазақстандағы жылына 11 млн.т мыс кентастарын өндіретін, 10 млн. м3 басқа да жыныстарды аршып шығаратын Қоңырат карьері; жылына 17 млн.т кентас, 33 млн.м3 жыныстар аршитын Сарыбай темір кентасты карьері: жылдық өндіріс қуаты (көмір бойынша) 55млн.т-ға жететін «Богатырь» жармасы дүние жүзіндегі ең ірі ашық кеніштерге жатады. А.к..ө. қазбалары қуатты эксковаторлармен, жоғары өнімді көлік техникасымен қамтамасыз етілген. Жаңа технологиялар ашық жұмыстардың негізгі параметрлерін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Ашық жұмыстардың қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту мақсатында көптеген шаралар жүргізілуде. Ашық кеніштерде (карьерлерде) еңбекті қорғау шарттары жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Жер астынан кен өндіру тәсілімен салыстырғанда, А.к.ө-де еңбек өнімд. 5-8 есе артса, өнімнің өзіндік құны 2-4 есе төмендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *