АШШУРБАНИПАЛ

АШШУРБАНИПАЛ (шамамен біздің заманымыздан бұрын 689 — 633) — Ассирия патшасы (біздің заманымыздан бұрын 669 — 33). Өз иелігінің бірлігін сақтап, терр-н кеңейту үшін басқа елдермен үздіксіз әскери және дипломатиялық күрес жүргізіп отырған. Ол 648 жылы Вавилонды жаулап алып, біртіндеп оның жақтастарын талқандады. Мысырды, Эламды (біздің заманымыздан бұрын 639 ж.) бағындырды. Сирия мен Финикияда үстемдігін сақтауға көп күш жұмсаған. Ашшурбанипал билік еткен дәуірде мемлекетте жазба әдебиеті, өнер, жалпы мәдениет жақсы дамыған. 1849 — 54 жылы археологтар Ассирияның орталығы болған Ниневи (қазіргі Куюнджик) қаласыныңорнын зерттеп, ескі кітапхананың қалдығын тапты. Шумер және вавилон-ассирия тілдерінде сына жазулар жазылған, күйдірілген саздан жасаған 20 мыңнан астам тақта табылды. кітапханада көркем әдебиеттуындылары, ғылыми, діни, тарихи еңбектер және іс жүргізу құжаттары болған. Олар Ашшурбанипал дәуірінде Месопатамия мемлекеті мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді және оның тарихын зерттеуде өте құнды деректер болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *