АШУҒашик (арабша – ашық, ғашық) — Әзірбайжан , армян және басқа да кавказ халықтарының халық жыршысы. Ашуғ атауы Квказда 16 — 17 ғасырдарда пайда болған. Ашуғ шығармашылығы халықтығымен ерекшеленеді. Ашуғ өнері көпқырлы. Өлең мәтінін өздері шығарып, оған лайықты ән табады, сөйтіп ішекті аспаптарды (саз, тар, кеманча) тарта отырып, кейде билеп жүріп орындайды. Репертуарында өз шығармаларынан басқа халық өлеңдері, эпикалық жырлар (дастандар) болады.