АШУШАҢДЫҚ — тез ызаланғыш, шырт етпе мінез. Намысқой, көдікшіл, ызақор адамның бойында болады. Сондай-ақ, жас өспірімдердің көңіл әуенінің өзгергіштігіне орай жас өспірімдерде жиі кездеседі. өйткені, олардың жүйке қызметінде тежелу процесінен кјрі әозу шапшаңдықы басымыраз келеді. Олар өмір тәжірибесінің жетімсіздігінен сыртқы әсерге шапшаң берілгіш. Ашушаңдық мінездегі ызақорлық, күйгелектік, бос намысқойлық, әсершілдік сияқты қасиеттермен астарласып жатады. Мұндай мінезді жеңе білу адамның ұстамдылығына, табандылығына, саналы әрекеті мен білім деңгейіне байланысты.