АШУДАСТАР

АШУДАСТАР – күкірт қышқылы қос тұздарының кристалгидраттары. Құрамы металдар валенттілігіне және су молекулаларыныңсанына тәуелді. Хим. формуласы: Ме+Ме3+(SО4)2·12Н2О.Ашудастар құрамына бір валентті калий, рубидий, цезий, аммоний тобы, үш валентті  алюминий, хром және темір

кіреді. Ең жиі кездесетіні калий-алюминий ашудасы – КАl(SО4)2·12Н2О. Ол октаэдр не куб пішінді кристалдар түзеді. Дәмі қышқыл келеді, 92,5°С-та балқиды. Ашудастар сусыздандырылған сазға қанық күкірт қышқылын және калий сульфатын қосу арқылы алынады. Ашудастар төменгі температурада нашар ериді. Бірақ жоғ. темп-рада ерігіштігі күрт артады. Мыс., температурасы 0° суда 2,95 г, ал температурасы 100° суда 154 г калий-алюминий ашудасы ериді. Ашудастар адамға ертеден белгілі. Олар медицинада қабыну ауруларына қарсы, қан тоқтататын, құрғататын дәрі есебінде, өндірісте тері илеуде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *