АШРАПОВ  АСХАТ ТАЗЕТДИНҰЛЫ

АШРАПОВ  АСХАТ ТАЗЕТДИНҰЛЫ(15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы — 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958). 1955 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының (А.В. Гальперин мен Э.К. Тиссэнің шеберханасы бойынша) бітірген.“Қазақфильмде” жұмыс істеді. Алғашында деректі фильмдер түсіріп, кейін көркем фильмдерге ауысты. 90-шы жылдары «Қазақфильм» киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті. 1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге «Альянс» кинофирмасын құрды. Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді. «Егер біздің әрқайсысымыз» (1961),“Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966), «Көкжиектен асқан іздер»(1964), “Шыңдағы шынар” (1965), “Артымызда Москва” (1967),“Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972),“Атаманның ақыры” (1970),“Гауһартас” (1975),“Қан мен тер” (1978), «Алатаудың күміс мүйізі» (1979), “Біз ересекпіз” (1980), “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983), “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм), “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты. “Ас атасы — нан” (1958),“Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958),“Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі”, “Халықаралық жастар фестивалі” (1959), “Медеудегі кездесу” (1976), “Мәжит Бегалин” (1981), “Жетісудің 8-өзені” (1984), “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген. Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *