АШИНА ХЭЛУ

АШИНА ХЭЛУ , Ышпара — Батыс түрік қағандығының қағаны (651 — 657). 7 ғасырдыңалғашқы жартысында Батыс түрік қағандығының ішкі бөлігіндегі түрлі қақтығыстарды тиімді пайдаланған Таң патшалығы оның иелігіндегі жерлерге қол сұға бастады. 651 жылы Ашина Хэлу өз қарсыласы Елбілге Шэгуй қағанды жеңіп, Батыс түрік қағандығының бас қағаны болды, Мыңбұлаққа ордасын тікті. 652 жылы Таң патшасы Тайцзун ұйғыр әскерлерімен бірге Ашина Хэлуге қарсы жорық жасады. 657 жылы Іле өзені бойында оны түбегейлі жеңді. Ташкентке қашып барған жерінен жергілікті тұрғындар Ашина Хэлуді Таң патшасына ұстап берді. Сөйтіп Батыс түрік қағандығының Таң патшалығына қарсы күресі сәтсіз аяқталады. Қағандық ендігі жерде бір бүтін мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *