АШИНА БУЯЖЕН

АШИНА БУЯЖЕН (7 ғасыр) — Батыс Түрік қағандығының Таң патшалығына қарасты бөлігінің басқағы. 657 жылы қыркүйекте Таң (патшалығы) қосындары Іле өзенінің Оңтүстік жағында Ашина Хэлуды (Ышпара) жеңгеннен кейін Батыс түрік қағандығы негізінен жойылып, оның орнына Сұяб өзенінің батысында Миңши басқақтығын және Бесбалықта Куньлин басқақтығын құрды. Миңши басқақтығы негізінен бес мүшебилерді басқаратын болды. Таң билеушісі олардың арасынан Ашина Буяженді басқақ етіп тағайындап (657 жылы), оған ”оң қанат тай санғұн” деген лауазым берді. Кейін Таң билеушілері А. Б. мен Бесбалықтағы Куньлин басқағы Ашина Мижелінің арасындағы кикілжіңді пайдалануға күш салды. 664 жылы Ашина Буяжен Таң мәнсаптысы Сухайяжэнға бүлік тудырмақшы деген айып тағып, Миңшиді өлтіргізеді. Бұл оқиғадан үрейленген түрік жұрты тибеттіктермен бірлесіп, Таң патшалығы үстемдігіне қарсы көтерілді. Осы аралықта Ашина Буяжен қайтыс болды (666/67 ж.). Ол өлгеннен кейін орнына балалары Ашина Хусиньло, Ашина Хуайдао және Ашина Циндер отырды. Бірақ бұл кезде түрік жұрты әлсіреп, бірте-бірте түргештердің қол астына өтіп жатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *