АЧЕЛЕР  АЧЕХ, АЧИН

АЧЕЛЕР  АЧЕХ, АЧИН — халық. Индонезияның Суматра аралдарында, Ачех облысында, Банда — Ачек қаласында тұрады. Саны — 3 млн-ға жуық (1992). Жазық және тау тұрғыны болып екіге бөлінеді. Жазуы латын, араб графикаларына негізделген, діни сенімі бойынша — мұсылман-сүнит. Ачелердің этник. құрамына Оңтүстік-шығыс Азия тайпалары араласқан. Орта ғасырларға дейін-ақ сауда жасап, Шривиджайя мемлекетінде негізгі халықтың бірі болды. 1950 жылы Индонезия Республиканың құрамына кірді. Негізгі кәсібі — жазық жерлерде күріш, жүгері, бұрыш, жібек құртын және буйвол, ешкі, құс өсіру, балықаулау. Дәстүрлі қолөнері: ұсталық, құмыра жасау, тоқыма, зергерлік, қару-жарақ соғу. Мұнай кәсіпшілігі де дами бастаған. Ауылдық елді мекендердегі қауымдастықты екі адам басқарады: кечик — әдет-ғұрып нормаларын, тюнгку — шариғатзаңдарын бақылайды. Негізгі ұлттық тағамдары — көкөніс, балық, күріш. Ұлттық ер балалар биі (мепулек) кең танымал болған. Өгіз, буйвол, қошқар, әтеш, көгершін таластырып ойнау да дәстүрі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *