АЦЕТОН, диметилкетон, СН3СОСН3 – иісі бар, түссіз, жанғыш сұйық зат. Балқу t – 94,9°С, қайнау t 56,2°С. Су, спирт, күрделі эфир, түрлі май, бензин және органик. еріткіштермен кез келген мөлшерде араласады. Сілті қатысында галогендермен әрекеттесіп йодоформ, хлрооформ, бромоформ түзеді. Алу әдістері: 1) изопропилбензолды оттекпен тотықтырып, алынған асқын тотықты ыдыратқанда А. мен фенол түзіледі; 2) катализатор ретінде мырыш және темір оксидін қолданып, 420-460 С-та ацетиленге су буымен әсер еткенде А.түзіледі. Сондай-ақ А-ды крахмалы көп азық-түліктен (жүгері, қара бидай, картоп), оларға арнайы бактериялармен әсер ету арқылы, ацетондық ашу нәтижесінде де алуға болады. А-да органик заттар, әсіресе нитро және ацетиллюлоза, ацителен жақсы ериді. А.көптеген маңызды хим.заттар өндірілетін шикізат болып табылады.Сондай-ақ А-ды тамақ және дәрі-дәрмек өнеркәсіптерінде түрлі өнімдерді зиянды қоспалардан тазарту үшін пайдаланады.